Қазақ қызы Илон Масктың жобасында жұмыс істейді

Қазақ қызы Илон Масктың жобасында жұмыс істейді

Қазақ қызы Илон Масктың жобасында жұмыс істейді
ашық дереккөзі
20 жасар Жанна Ықылас жас мамандар тобының құрамында Илон Маск ұсынған «Hyperloop» вакуумдық пойызының жобасы бойынша жұмыс істейді. 2013 жылы басталған вакуумдық пойыздың жобасы әлі толық аяқталмаған. Бұл пойыздың жылдамдығы, теориялық тұрғыдан ұшақтың жылдамдығына жақын: сағатына 700-800 шақырым қашықтықты еңсере алады. Жанна Флорида университетінің Gatorloop командасының мүшесі. 2017 жылдың қаңтарында олардың тобы 1500 топтың ішінен іріктелген 22 топтың бірі болып,  Калифорниядағы SpaceX базасына шақырылған. «Мен әрдайым адамзаттың өмірін жақсартатын, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жаңашыл жобалармен жұмыс істегім келетін. Бұл жерден іздегенімді таптым. Менің оқуды бітіруіме 3 семестр қалды, ал оқу бітірген соң маған командадан кетуге тура келеді. Мен тәжірибемнің арқасында инновация саласында жұмыс таба аламын деп ойлаймын, ал содан кейін мен инженерлік магистр дәрежесін алғым келеді», - дейді Жанна.