Жаңалықтар

“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

ашық дереккөзі

“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына видеосаммари жарық көрді. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Massaget.kz сайтының YouTube-арнасында көрермен назарына ұсынылды. "Абай жолының" қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалған. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Әр видеосаммаридің ұзақтығы – 12-15 минут. Видеосаммари – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну. "Өскелең ұрпаққа Абай жәдігерлерін насихаттап, оның еңбектеріндегі ізгі ойларды дарыту аса маңызды. Біздің бұл жобамыз көрермен көңілінен шығып, Абайды тануға себеп болады деп сенеміз", - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Кішкентай көрермендердің назарын аудартып, картинаны қабылдау қабілетін арттыру үшін doodle анимация стилінде ұсынылды, дыбыстық фон қосылды. Massaget.kz сайтының арт-директоры әрі жоба жетекшісі – Ернар Алмабек, суретшісі – Томирис Есқали, дыбыстаған – Шамшаддин Омаров.