Еліміздің жалпы ішкі өнімі 2,9 пайызға төмендеді

Еліміздің жалпы ішкі өнімі 2,9 пайызға төмендеді

Еліміздің жалпы ішкі өнімі 2,9 пайызға төмендеді
ашық дереккөзі
2020 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша елімізде тауарлар өндірісі 2,1 пайызға өскен, ал көрсетілетін қызметтер 6,2 пайызға қысқарған. Нәтижесінде жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.  Жылдық инфляция 7,1 пайызды құраған. Алайда министрдің сөзінше, бұл ескерілген инфляция дәлізінен төмен (8-8,5%). Руслан Дәленов экономиканың нақты секторында өсім жалғасып жатқанын айтты. Атап айтқанда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларының табысы артқан. «Импорттың төмендеуі аясында оң сауда балансы сақталуда. Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге байланысты сервистік қызметтер көлемінің қысқаруы, сондай-ақ мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі байқалады. Бұл экономиканың өсуін тежеуші факторы болды», - деді министр. Министрлік мәліметінше, өндірістік секторда 2,1 пайызға өсім байқалады, оның ішінде құрылыста – 6,3, өңдеу өнеркәсібінде – 3,8, ауыл шаруашылығында – 2,5 пайызға. Сонымен бірге, қызметтер секторы салаларында, оның ішінде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 4,3 пайыздық, әкімшілік қызметтерді көрсету – 5,3, сауда – 11,9 және көлік қызметтері 15,6 пайыздық төмендеу көрсетті. Ал байланыс қызметтері 8,7 пайызға артты.