Елордада пневмонияға шалдыққандар саны 6 есе азайды

Сондай-ақ!

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi аман алып қалды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 желтоқсанда «112» пультiне...

«Көпшілік алдында атып тастады»: Карантин тәртібін бұзған азамат өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында енгізілген карантиндік шектеулерді бұзған ел тұрғынын көпшіліктің алдында жазалады. Бұл туралы Radio Free Asia өз дереккөздеріне...

Теңіз кенішінде індет қайта өршіді: Бір топ дәрігер көмекке жіберілді

COVID-19-бен ауырған науқастардың көбеюіне байланысты Теңіз кенішіне қосымша мамандар жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады.  Қараша айынан бері Теңіз кенішінде...

Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды

Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды ұстады. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, күдікті қыз жоғалған ұялы телефонының...

Карантиннің енгізілуі Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, инфекциялық стационарлардағы төсек-орынға сұранысты 99 пайыздан 18,5 пайызға дейін төмендетті. Бұл туралы  қала әкімі Алтай Көлгінов  Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Карантин алынғаннан кейін эпидемиологиялық жағдайдың қалай боларына талдау жасадық. Болжамға сәйкес, жағдай бірден жақсарып кетпейді. ОРВИ маусымын ескерсек жылдағыдай медициналық мекемелерге аурытпалық түседі. Қазірдің өзінде дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Емхана, ауруханаларға қосымша көмек көрсетілді. 600-ден астам флуометр, 500-ге жуық оттегі концентраторы, 500-ге жуық арнайы төсек-орын, өкпені жасанды желдету және КТ аппараттары алынды. Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктері де жеткізіледі. Екі апта ішінде қалаға 110 тоннадан астам дәрі жеткізілді. Біз бұл жұмыстарды жүйелі негізде жалғастыра береміз», – деді А.Көлгінов.

Шаһар басшысы қажет болған жағдайда барлық 16 инфекциялық стационар қайта ашылатынын жеткізді.

«Спорттық ғимараттар мен басқа да бірқатар нысан кез келген сәтте орындар әзірлей алады. Жасыратыны жоқ, қала тұрғындары алғашқы карантиннен кейін санитария нормаларын сақтамады. Бұл, кері әсерін тигізіп, індетке шалдыққандардың саны күрт өсті. Дәрігерлер мен медициналық ұйымдар мүмкіндігінше барын салып жұмыс істеді. Карантин шаралары ғана жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді», – деді ол.

Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационарлардағы төсек-орынға сұраныс шілде айының басынан бастап 99 пайыздан 18,5 пайызға дейін төмендеді. 16 стационардың бесеуі жабылды. Оларда болған барлық науқастар жазылып шықты. КВИ мәселелері бойынша жедел жәрдем шақыру саны 9,5 есеге жуық төмендеп, тәулігіне 500-ден 53-ке дейін азайды. Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны 6 есе қысқарды.

Ертеңнен бастап қалалық емханалар жоспарлы қабылдауға қайта кіріседі. Десе де, Алтай Көлгінов тұрғындарға індетті жұқтыру қаупі жойылмағанын ескертті.

«Инфекцияны тоқтату үшін сақтық шаралары мен санитария нормаларын барынша сақтау қажет», – деп жазды қала басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ендігі міндет – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда індетке шалдыққандардың жалпы саны 99 442-ге жетті. Індеттен 72,5 мың адам емделіп шықты. 1058 адам қайтыс болды. Ал  коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдығудың 13280 дерегі тіркелді. Тамыздың басынан бері өкпе дертінен 161 адам көз жұмды.

 

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады....

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi...

«Көпшілік алдында атып тастады»: Карантин тәртібін бұзған азамат өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында енгізілген карантиндік шектеулерді бұзған...

Теңіз кенішінде індет қайта өршіді: Бір топ дәрігер көмекке жіберілді

COVID-19-бен ауырған науқастардың көбеюіне байланысты Теңіз кенішіне қосымша мамандар жіберу туралы шешім...

Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды

Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...