Алматыдағы Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды

10 тамыз, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Алматыдағы Наурызбай аудандық сотының төрағасы қайтыс болды Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов 53 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. "Кеше, 9 тамызда Наурызбай аудандық сотының төрағасы Төлепбергенов Серікбай Алдабергенұлы кенеттен қайтыс болды", – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын. Сондай-ақ Төлепбергеновтың көз жұмғаны туралы Наурызбай аудандық сотының Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз. Серікбай Төлепбергенов 1967 жылы 5 тамызда қазіргі Түркістан облысы Бабай-Қорған ауылдық округінде туған. 1991 жылы инженер-механик мамандығы бойынша білім алып, ал 1998 жылы заңгер дипломын алған. Еңбек жолын совхозда жұмысшы болып бастаған. С.Төлепбергенов түрлі салада еңбек еткен: тауартанушы, инспектор, заңгер, сондай-ақ судья, сот орындаушысы және сот төрағасы болған. Өмірінің соңғы жылдары Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында қызмет етті. Үйленген, артында үш ұлы қалды.