Қостанай облысында карантин жеңілдетілді

Қостанай облысында карантин жеңілдетілді

Қостанай облысында карантин жеңілдетілді
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді. Шұғыл штабтың шешіміне сәйкес, бүгіннен бастап 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендері ашылады. Ал одан үлкен сауда орындары  "клиентке дейін жеткізу" форматында істей береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұдан бөлек, саябақтар және сол жерде орналасқан сауда орындары ашылады. Бірақ аттракциондар мен балалар алаңы, батуттар, велосипед және балалар ойыншықтарын жалға беру қызметі жұмыс істемейді. Ал саябақ аумағына бір үйдің адамдары болмаса, үш адамнан артық топтасып кіруге болмайды. Адамдар арасындағы арақашықтық сақталуы тиіс. Қаладағы қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 мен кешкі сағат 21:00 арасында жүреді. Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілген болатын. Ал Ақмола облысы бойынша Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді.