Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
ашық дереккөзі
Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ мемлекет және қоғам қайраткері Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шараға Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли және Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдырахманов қатысты. Еске сала кетейік, бүгін елімізде алғаш рет Абай күні атап өтілуде. Ұлы ақын мерейтойына орай республиканың түкпір-түкпірінде 100-ге жуық шара өтеді. Атаулы күні Egemen Qazaqstan газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Абай – рухани реформатор» атты мақаласы жарық көрді. Мемлекет басшысы өз мақаласында Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге шақырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Президент гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абайтану» курсын оқыту, жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу мәселелерін көтерді.