Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталды
Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынды қолға түсірген.
Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды. 9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.
Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда.