Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталды

Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталды

Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушылар ұсталды. Бұл туралы  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынды қолға түсірген. Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды. 9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.  width= Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда.  width=