Ақтөбе облысында «Мектепке жол» акциясы басталды

Ақтөбе облысында «Мектепке жол» акциясы басталды

Ақтөбе облысында «Мектепке жол» акциясы басталды
ашық дереккөзі
Елімізде «Мектепке жол» акциясы басталды. Биыл алғашқылардың бірі болып қайырымдылық қарекетке Ақтөбе облысының Қобда ауданы тұрғындары кіріскен, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті демеушілер әлеуметтік әлжуаз топты қолдау мақсатында оқу-құралдары мен киім-кешек сатып алыпты. Алайда карантиндік кезеңнің талабына сәйкес, биыл оқушыларды топтап жинамайды. Бүлдіршіндерге құрал-жабдықтары мектеп ауласында кезек-кезегімен табысталады. Алғаш болып 10 жас өренге табысталды. Қыркүйек айының соңына дейін аудан бойынша 562 оқушы қамталтын болды. – Жергілікті демеушілердің көмегімен бүгін балаларға мектеп формалары, мектеп сөмкесі, құрал-жабдықтары табысталды. Қыркүйектің 30-на дейін жалғасын табады, - дейді  Қобда аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлшат Әбішева.