Беларусьте президент сайлауының негізгі дауыс беру кезеңі өтіп жатыр
Беларусьте президент сайлауының негізгі дауыс беру кезеңі өтіп жатыр
Бүгін Белоруссияда президент сайлауына негізгі дауыс беру кезеңі өтіп жатыр.
БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша, ел тұрғындары сайлауға түсіп жатқан үміткер - Андрей Дмитриев, Анна Канопацкая, Александр Лукашенко, Светлана Тихановская және Сергей Череченнің біріне дауыс береді.
Дауыс беру үшін елде 5767 учаске құрылған, оның 231-і – санаторийлерде, профилакторийлерде, демалыс үйлерінде, ауруханаларда және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін басқа денсаулық сақтау ұйымдарында, 13-і – әскери бөлімдерде және 44-і – Белоруссиядан тыс жерлерде.
Сайлаудың әділ әрі талаптарға сай өтуін 248 халықаралық және 50 мыңға жуық ұлттық бақылаушылар бақылауда.
Мемлекет басшысын тікелей беларусь халқы сайлайды. Дауыс беру құпия түрде жүргізіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысса, сайлау өтті деп есептеледі.
Егер кандидатты дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан астамы қолдаса, сол азамат жеңіске жетіп, ел президенті болып танылады.