Жаңалықтар

"Abai world challenge": Абай өлеңдерін оқудан халықаалық челлендж басталады

ашық дереккөзі

"Abai world challenge": Абай өлеңдерін оқудан халықаалық челлендж басталады

10 тамызда сағат 15.00-де "Abai world challenge" атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудан халықаралық челлендж басталады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылатын іс-шараларды онлайн форматқа көшіру тапсырылған болатын. Осыған орай ақынның өлеңдері  әлемнің (француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс, итальян) бірнеше тіліне аударылды. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен Абай шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, жазушылар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, ҚР Төтенше және өкілетті елшілері және жалпы жұртшылық қатысады, деп күтілуде. Челлендж тамыз айының 10 мен 17 аралығында сағ.15.00-де жалғасады және министрліктің YouTube каналы, Facebook және Instagram т.б. әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі. Айта кетейік, былтыр Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.