9 Тамыз, 09:38 518 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Елордада велосипед ұрлауды әдетке айналдырған ұры ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында қалада бірнеше мәрте велосипед ұрлаған 39 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті. 

Тергеу жұмыстары барысында күдіктінің қараусыз қалған велосипедтерді ұрлайтыны анықталды. Қазіргі таңда күдікті 3 велосипед ұрлығы бойынша кінәсін мойындап отыр. Бір велосипедті ол күндіз адамдардың көптігіне қарамастан дүкеннің жанынан ұралаған. Қалған екеуін үйлердің аулаларында тұрған жерінен қолды еткен.

Велосипедтердің барлығының құны 200 мың теңге болады. Бір велосипед иесіне қайтарылды. Ал қалғандарын күдікті сатып үлгерген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің елорда маңындағы осы тектес өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жаз айында велосипедтердің ұрлану жағдайларының жиілегендігін ескертеді.

 

Соңғы жаңалықтар