Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болған елордалықтар жауапқа тартылды

Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болған елордалықтар жауапқа тартылды

Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болған елордалықтар жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болған елордалықтар әкімшілік кодекстің бірден үш бабы бойынша жауапқа тартылды, – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомстводан атап өткендей, Нұр-Cұлтан қаласының екі тұрғыны, ерлі-зайыптылар тыйым салынғанына қарамастан дала жолымен блокпосты айналып өтіп Көбейтұз көліне барған. Олар көлге барып қана қоймай, көлдің балшығын алып кетпек болған. Ерейментау аудандық полиция қызметкерлері астаналықтардың әкімшілік кодекс бойынша бірнеше заң бұзушылық жасағанын анықтады. «Осыған байланысты 58 жастағы ер адам мен оның әйелінің үстінен ҚР ӘҚбК 364 бабы (ортақ суды пайдалану ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен бірге, карантин талабын бұзғандары үшін ҚР ӘҚбК 425 бабы (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша және ҚР ӘҚбК 139 бабы (жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) бойынша іс материалдары жиналып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, облыстық экология департаментіне жолданды», – дейді ведомстводан. Осы ретте, тәртіп сақшылары карантин режимін бұзғандар жауапкершілік тартылатын ескертеді, сондай-ақ табиғы ресурстарға ұқыптылықпен қарауға шақырады.