Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы үйі өртеніп, далада қалған қарияға көмектесті

ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы үйі өртеніп, далада қалған қарияға көмектесті

Жуырда БАҚ және әлеуметтік желілерде жалғызбасты әкенің үш баласымен қиын жағдайда қалғаны туралы жаңалық партиялықтарды шетте қалдырмады. Бұл жағдайға зейнеткер үйі өртенгеннен кейін тап болған.

Бұл жаңалыққа «Nur Otan» партиясының мүшелері бірден үн қатты. Алматы қалалық филиалының бастамасымен  партияның белсенді мүшелері Шухрат Шардинов пен Максим Финогенов отбасының тұрғылықты жері бойынша үйіне барып, көмек көрсетті.

Бұдан бөлек партия мүшесі Максим Финогеновөз тарапынан үйді газбен жабдықтаудың орталық жүйесіне қосуға және қажет құжаттарды рәсімдеуге көмек қолын созды.

«Партиялықтарға, көмектесіп жатқан барша адамдарға алғысым шексіз. Алла разы болсын!», – деді Әбдукәрім Әбдірахманов.