Жаңалықтар

Алматыда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр

ашық дереккөзі

Алматыда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр

Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев алып шаһарда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұрғанын айтты. «Қазіргі таңда қалада 26 мыңға жуық адам үйге кезегінде тұр. Көпбалалы аналардан – 2180, жетім балалардан – 600, әлеуметтік осал топтардан – 12 мың, мемлекеттік қызметкерлерден 10 мыңға жуық адам кезекте тұр. 2020 жылы 3 мыңға жуық үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде «Алматы жастары» бойынша 188 жасқа пәтер кілті табыс етілді», – дейді Айбек Сайделдаев. Сонымен қатар, ол республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 1696 адамнан өтініш түскенін атап өтті. «Несие беру лимиттерін ҚР ИИДМ өңірлер бойынша бөледі. Алматы қаласына 3,7 млрд теңге сомасына 376 қарыз бөлінді, оның ішінде: 188 – көпбалалы отбасы, 188 – толық емес отбасы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары бар. 2020 жылғы 7 тамызда 155 несиелік қарыз берілді», – деді ол.