42 500 теңге: 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды

7 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
42 500 теңге: 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес карантин кезінде табысын жоғалтқан 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды. 7 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 480 мың бірегей өтініш түсті. Төлем мөлшері ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ең төменгі жалақы – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 480 мың өтінімнің ішінде: Азаматтардың санаттары бойынша: Төлем 2 млн 249,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 227,1 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.