Жаңалықтар

Абай күні: Қазақстандықтар 10 тамызда демала ма?

ашық дереккөзі

Абай күні: Қазақстандықтар 10 тамызда демала ма?

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Осы жаңалыққа орай, мереке күні демалыс бола ма деген сұрақ көпшілікті қызықтырды. Осыған байланысты Үкіметтің баспасөз қызметі түсініктеме берді.  Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен Қазақстанда жаңа мереке - Абай күні пайда болды. Үкімет 10-шы тамызды мерекелер күнтізбесіне енгізді. Алайда, бұл күні қазақстандықтар демалмайды. "Мерекелер туралы" заңға сәйкес ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер мереке күндері деп танылады және жұмыс істемейтін күндер болып табылады", - делінген хабарламада. Айта кетейік, ұлттық мерекелерге 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күні жатады. Ал мемлекеттік мерекелерге Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, Астана күні, Конституция күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні жатады. Бұдан бөлек, Қазақстанда алғыс айту күні, ғарышкерлер күні, полиция күні және т.б. мерекелер бар. Абай күні де осы мерекелік күндер тізіміне енгізілді, сондықтан демалыс болмайды.