Леонардо Ди Каприоның кезекті аукционы

 

Леонардо Ди Каприо түрлі қайырымдылық шараларға атсалысып жүреді. Ал Францияның Сан-Тропе қаласында Леонардо Ди Каприоның қайырымдылық қоры ұйымдастырған аукцион өтіп жатыр.

Актер мен оның достарының жеке заттары және олармен сауық кешін жасау, кешкі ас ішу немесе демалыс күндерін өткізу мүмкіндігі сатылымға шығарылды. Топтама арасында Марго Роббимен түскі ас ішу, Арнольд Шварценеггердің жеке коллекциясындағы Harley Davidsons мотоциклі бар.

Аукционнан түскен барлық табыс табиғатты қорғау және жаһандық жылынумен күреске жұмсалады.

Бұдан бұрын Ди Каприо өз үйіндегі бір апталық демалысты да сатқан болатын. Сатылым Францияда өтті және оны америкалық СПИД-ті зерттеу қоры ұйымдастырған болатын.

Back to top button