Жаңалықтар

Партия белсендісі мүмкіндігі шектеулі анаға арба алып берді

ашық дереккөзі

Партия белсендісі мүмкіндігі шектеулі анаға арба алып берді

Мүмкіндігі шектеулі мұқтаж анаға партияның  белсенді мүшесі, «Құлсары қаласы мүгедектер қоғамы» бірлестігінің төрағасы Қ.Еңсепов қайырымдылық танытып, мүгедек арбасын сыйға тартты. Nur Otan партиясы Атырау облысы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1-і топ мүгедек ана өзінің мүгедектерге арналған арбаға мұқтаж екендігін, аулаға шығып ауа жұтудың өзі мұң болғанын  айтып өтініш білдірген болатын. Аудандық филиалдың ұсынысмен қайырымдылық десе алдына жан салмайтын партия белсендісі,  Қ.Еңсепов осындай ерекше жанның өтінішін ескерусіз қалдырмай, көмек қолын созуды жөн көрді. Оларға арнайы уақыт бөліп мұқтаж анаға мүгедектік арбаны өз қолымен табыстады. Мұқтаж ана қазіргі уақытта қауіпті індеттің өршіп тұрған шағында өмірге деген құлшынысты арттырып, рухани қолдау білдірген аудандық партия филиалына, жоғын түгендеп, демеу болған  бірлестік басшысына өз ризашылығын білдіріп алғысын айтты.