Жаңалықтар

Партиялықтар Павлодар ауруханаларына 169 оттегі концентраторын табыстады

ашық дереккөзі

Партиялықтар Павлодар ауруханаларына 169 оттегі концентраторын табыстады

Бүгін «Nur Otan» бастауыш партия ұйымының төрағасы «Ertis Business Association» кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп Павлодар облысының 16 медициналық мекемесіне 169 оттегі концентратын табыс етті. Медициналық аппараттар «Шұғыла» республикалық Қоғамдық Қоры есебінен сатып алынды. Қорға бизнес өкілдерінен, меценаттардан, «Nur Otan» партиясы мүшелерінен, шоу бизнес жұлдыздарынан және Қазақстанның бей-жай қарамайтын тұрғындарынан ақшалай қаражат түседі. Карантин кезінде Қор 4000 оттегі концентраторын сатып алды, оның 240-ы Павлодар облысына жіберілді. - «Шұғыла» Қоғамдық Қоры мен өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен біз кезекті рет медициналық мекемелерге көмек көрсете алдық. Бүгін бізге 169 оттегі концентраторы жеткізілді, олар күні бойы өңірдің барлық ауруханаларына таратылады, - деп атап өтті «SanTehPlast» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Бекмурзаев.