Жаңалықтар

Қазақстанның үш облысында карантин жеңілдетілді

ашық дереккөзі

Қазақстанның үш облысында карантин жеңілдетілді

Коронавирус жұқтыру деректерінің азаюына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде карантин жеңілдетілді.  Атап айтқанда, Алматы облысында құрылыс материалдары мен көліктің қосалқы бөлшектерін сататын базарларды ашуға рұқсат берілді. Алайда ғимараттың ішінде орналасқан базарлар әзірше ашылмайды. Қарағанды облысында жабық мұз айдыны бар спорт кешендерінде жаттығуларды өткізуге болады. Спортшылар хоккей, мәнерлер сырғанау және тағы басқа спорт түрлері бойынша жаттыға алады. Ал Ақмола облысында туристік нысандардың аймағында орналасқан жағажайларда суға түсуге салынған тыйымның күші жойылды.  Десе де, санитарлық нормалар қатаң сақталуы қадағаланады. Жағажайдың жалпы ауданын адам санына бөлгенде, әрбір демалушыға 4 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Курорттық аймаққа тек жолдамасы барлар ғана кіре алады. Жағажайға кірердің алдында дене қызуын тексеріледі. Демалыс орындарының иелері шезлонгтар мен орындықтардың бір-бірінен алшақ қойылуын, залалсыздандыру жұмыстарының ұдайы жүргізілуін қадағалауы тиіс. Еске сала кетейік, 3 тамыздан бастап елордада қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданғанын хабарлағанбыз. Қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге тыйым салынады. Көліктік бақылау бөлімінің қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізіп, жүргізушілер де, жолаушылар да маска режимін сақтайтын болады. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз кіргізуге қатаң тыйым салынады. Автобустан тек алдыңғы есіктен шығады. Жол жүру ақысы банктік аударым арқылы жасалады.