Зәуреш Смағұлова: Коронавирус жұқтырғандар 2-3 айдан соң қайтадан ауыруы мүмкін

Сондай-ақ!

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз қызметі. ⠀ 2020 жылғы 30 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды. Асиятпен қатар сұлулар сынына қатысқан тағы 3 ару 2021 жылы өтетін «Қазақстан...

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер жоқ. Бұл туралы Сеченов университеті Трансляциялық медицина және биотехнология институтының директоры Вадим...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты. Ашық аспан режимінде жұмысын бастап,...

Қатаңдатылған карантин шараларының оң нәтижесіне қол жеткізе бастадық. Бірақ індетпен күрес тоқтамақ емес, сақтану шаралары вирус жоғалғанша жалғаса бермек. Осы ретте көкейдегі маңызды сауалдарымызды медицина ғылымдарының кандидаты, Астана медициналық университетінің доценті, Нұр-Сұлтан қалалық модульдік жұқпалы аурулар орталығы бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарушы Зәуреш Смағұловаға қойған едік. 

– Карантиндік шектеулер қайта қатаңдатылған соң, індетке қатыс­ты елдегі ахуал біршама түзеліп келе жатқаны байқалады. Әрине, бұл да көңілге медеу. Нұр-Сұлтан қа­ласында соңғы аптада жағдай қан­­дай және қазіргі науқастардың ауру белгілерінде өзгерістер бар ма?

– Осыған дейінгі апталармен салыс­тыра­тын болсақ, айтарлықтай өзгерістер бар. Карантин нәтижесінде науқастардың саны үш есе азайды, жағдай тұрақталды. Ал науқастардың клиникалық белгілеріне кел­сек, осы күнге дейін түскен науқастарда ен­­­тікпе, құрғақ жөтел, дене қызуы болған. Ал қазір бір ерекшелік бар, науқастарда де­не қызуы жоғары емес. Оның себебі нау­қас­тар аурудың интоксикациялық кезеңін үйд­е өткізіп, емделген.

– Коронавирустан бөлек, басқа да қауіпті аурулар бар. Олар жайлы да ұмытпаған жөн болар?

– Әрине. Өзге де аурулары бар науқас­тар­да коронавирус ауыр дәрежеде өтеді, өйт­­кені вирус науқастың қосалқы ауру­ла­рын қоздыруға қабілетті. Қосалқы аурулар негізінен үшеу, оның біріншісі қант диабеті, екін­шісі артық салмақтың болуы, ал үшін­шісі жүрек-қан тамырлары аурулары. Соңғы ап­тада науқастардың арасында көк тамыр­лар, яғни тромбофлебит, флебит түріндегі қо­салқы аурулары бар екені анықталып жа­тыр.

– Орталықтарыңызда төсек-орын саны, дәрі-дәрмек қоры мен өкпеге жасанды дем беру аппарат­тар саны жеткілікті ме?

– Бүгінгі таңда стационарларда төсек-орын мен дәрі-дәрмектер жеткілікті. Вирус­қа қарсы дәрі-дәрмектер де іркіліссіз келіп жа­тыр. Коронавирусты емдеу және диаг­нос­тика жасау хаттамасына енгізілген жаңа фа­ви­пиравир деген дәрі де бар. Сонымен қа­тар жасанды түрде тыныстандыру аппа­рат­тарының да саны жеткілікті. Осы соңғы ап­та ішінде бізге тағы да бірнеше аппарат кел­ді.

– Коронавируспен бір ауырған адамның қайтадан ауыру жағдайы әлем бойынша тіркеліп жатыр. Осы ретте науқас вирусты неше ай­дан соң қайта жұқтыруы мүмкін?

– Өкінішке қарай, коронавируспен ауыр­ған адамда иммунитет тұрақты бол­май­ды. Жеңіл түрде өткен аурудан кейін де кей­бір науқастарда антиденелер мүлдем тү­зіл­мейді. Мысалы, басқа инфекциялар ке­зінде 5-7 күннен бастап антиденелердің түзілуі басталады және екінші аптаның соңына дейін антиденелердің саны белгілі бір деңгейге дейін жетеді. Ал коронавирус ке­зінде антиденелердің түзілу мерзімі ұза­ғырақ болады және науқастардың көбінде үшінші аптадан кейін ғана түзілу басталады. Аурудан соң бізді қорғайтын антиденелер саны аздау және деңгейі жоғары болмауы мүмкін. Ал ең маңыздысы – антиденелердің ұзақ сақталмауы. Шетелдік ғылыми зерт­теулер нәтижесі иммунитет 2-3 ай аралы­ғына дейін ғана болады деп көрсетіп отыр. Яғни, коронавирус жұқтырған науқас 2-3 айдан соң қайтадан ауыруы мүмкін.

– Әлі нақты дауасы табылған жоқ. Дегенмен әу бастағыдай емес, ви­руспен күресте жалпы тәжірибе қалыптасып қалған секілді ғой?

– Ол рас. Десе де, нақты вакцинаның та­был­май жатқанының себебі, вирустың құбылмалылығында болса керек. Мысалы, нау­рыз айындағы зерттеу нәтижелері вирус­тың 4 штамы бар деп көрсетсе, ал енді осы соңғы бір айдың ішінде ол 8-ге дейін жет­ті.

– Барлығымыздың көкейімізде «Дерт­тен қайтсек құтыламыз?» де­ген сұрақ бар. Дерттен тезірек құ­­тылу­дың жолы қандай?

– Біріншіден вирустың жаппай таралуы­на жол бермеу керек. Бәріміз вирустың қа­лай жұғатынын, жұқпаның жұқтырушы көзі кім екенін білеміз. Ауру жұқтырған адам­ды дереу оқшаулау арқылы оның бе­рілу механизмі мен таралу жолдарын үзе­міз. Ауа тамшылары арқылы жұғатын вирустан бетперде кию арқылы санитарлық ги­гиена сақтаймыз.

Ал тұрмыстық контакт арқылы бері­ле­тін жолын қолды жуу, бетті ұстамау арқылы тоқтатамыз. Эпидемиологиялық тұрғыдан тек осылай жеңе аламыз. Ал карантин жағ­дайын енгізу өте орынды болды және мұн­дай шараның нәтижесі өте жоғары болады. Сонымен қатар халықаралық тасымал жолдарын да әзірше шектей тұрған жөн, өйт­кені басқа елдерден вирустың жаңа штам­мы келуі мүмкін. Осыған да жол бер­месек, өте жақсы болар еді.

– Өкпесі 90-100 пайыз қабынған нау­қасты ажал тырнағынан аман алып қалып жат­қан дәрігерлер тура­лы көп естиміз. «Өк­пеңіз то­лық­тай дерлік зақымданған» деген диагноздың өзі науқасты жарты­лай деп­рес­сияға ұшыратады емес пе? Егде жастағы нау­қ­астарға пси­хологиялық, моральдық тұр­ғыдан қалай көмектесесіздер?

– Әрине, адам өзіне қойылған диаг­но­зын естігенде қорқыныш реакциясын бе­реді. Қорқу реакциясы стрестік реакция деп саналады. Ал стрестің әсері өте көп әрі соңы қауіпті болуы мүмкін. Өйткені ағзада гор­мондар жағынан әртүрлі процестер бас­талады. Ол да ағзаға зиян. Мұндай жағдайда науқастарға психологиялық көмек өте қажет. Инфекционист болғанмен, парал­лельді түрде психологтің жұмысын істейміз. Жал­пы, коронавируспен ауырған науқас­тарға сапалы реабилитация керек, ал реабилитация кезеңі өте ұзақ жүреді. Нау­қастарға оны да түсіндіреміз. Үйге шық­қан­нан кейін жағдайы бірден жақсарып кет­пейді. Зақымдану қандай нәтижелер беруі мүмкін екенін де ескертеміз. Жұмысымызды атқарып жүріп қатты қажып, шаршайтын кезіміз де аз емес, бірақ науқастарға оны көр­сетпейміз. Жалпы, кез келген жағдайға опти­мизммен қараған дұрыс.

– Коронавирус қанды қоюла­та­тындықтан, аурудың алдын алу үшін дәрігердің нұсқауынсыз қан­ды сұйылтатын дәрілер ішу ден­сау­лыққа қаншалықты зиян?

– Жалпы, адам қандай да бір дәрі-дәр­мек­ті дәрігердің нұсқауынсыз қабылдамауы керек. Өйткені әр дәрінің кері әсерлері болуы мүмкін. Мысалы, адам өзінің асқа­за­нында жара немесе эрозия бар екенін біл­мейді. Оның үстіне, қанды сұйылтатын дәрі ішеді де нәтижесінде эрозия ашылады, жара бетінен қан кетуі мүмкін. Ал қан кетуден науқастың қайтыс болу ықтималдылығы басым. Бұл – өте қауіпті жағдай. Сондықтан дә­рігер сізге дәрі тағайындамаса, қолдан­баңыз. Қандай дәрі аурудың алдын алаты­нын ешкім білмейді, оған қоса вирусқа ті­келей әсер ететін препарат та жоқ.

Ал дәрігер нұсқаулығынсыз антибиотик қа­былдау елімізде жаман тенденцияға ай­налып бара жатыр. Халық бақылаусыз түр­де өз-өзіне антибиотик тағайындап, ішетін бол­са, бірнеше жылдың ішінде инфек­ция­лар мен вирустарды антибиотик күшімен жеңе алмайтын дәрежеге жетеміз. Яғни, қара­пайым тамақ ауруы мен гайморитті ем­дей алмай қалуымыз мүмкін.

 

Сұхбаттасқан Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Намбарын Энхбаяр Назарбаев

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энхбаярдың Тұңғыш Президент күніне орай жазған “Көреген және...
отшашу

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі...
қазақ мәдени орталғы

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...