Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды

5 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов өз еркімен қызметінен босатылды, – деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. «Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Басқарма басшысының міндетін атқару денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді», – делінген хабарламада. Айта кетейік, Марат Жұманқұлов аталған лауазымға 2017 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған болатын.