Астана Селтикпен кездеседі

Астана Селтикпен кездеседі

Астана Селтикпен кездеседі
ашық дереккөзі
"Астана" чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде шотландиялық "Селтик"-пен кездеседі. Бұл команданың ойыны кезінде Қазақстан халқын жаппай футбол көруге шабыттандырған еді. Шахтермен кездесу барысында елімізде ұтылып, отандық футболшылардың мерейін асқақтатқан әлі есімізде.
Екінші айналымда глазголық Селтик  екі ойынды өткізген соң гибралтарлық "Линкольнмен" қарсылас болды. Қонақта болған ойында "Селтик" (0:1) есебімен жеңілсе, өз жерінде қарсыласын айтарлықтай басымдықпен (3:0) ұтты. Шотландиялықтар барлық голды бірінші таймда соқты. "Астана" мен "Селтик" кездесуінің бірінші ойыны 26 не 27 шілдеде Қазақстанда да өтеді. Бір апта уақыт өткен соң қарсыластар Шотландияда қонақта ойнайтын болады. "Астана" клубы "Селтикпен" Чемпиондар лигасында кездескелі тұрған қазақстандық екінші команда екені баршаға аян. Естеріңізде болса, 2013 жылы екі ойынның қорытындысы бойынша глазголық команда қарағандылық "Шахтерді" ұтқан болатын. "Астана аренада" болған ойында қонақтар (0:2) есебімен жеңіліп қалған, алайда "Селтик" өз алаңында 3:0 есебімен жеңген. Десе де осы ойынның арқасында қазақстандық футбол жанкүйерлерінің саны арта түскен еді. "Астана" вильнюстік "Жальгиристі" 2:0 есебімен жеңді.