Жұмыспен қамтудың жол картасы: 154 мың жұмыс орны құрылды

5 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Жұмыспен қамтудың жол картасы: 154 мың жұмыс орны құрылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) 6 373 жобаны іске асыру басталып, оның 154 мың жұмыс орны құрылғанын хабарлады. ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы органдар іске асыру үшін 6 762 жобаны іріктеп алды. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді: ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кем дегенде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс. 4 тамыздағы жағдай бойынша өңірлерде 6 373 жоба бойынша жұмыс басталды, 154 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 88 мың адам жұмысқа орналасты.