Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтады

5 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтады Қазақстандағы 4 тамыз сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1062 адамды құрады. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 493 тасымалдаушы бар, – деп жазды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 94 882 адам.