Президент Ауылшаруашылығы министрін қабылдады

Президент Ауылшаруашылығы министрін қабылдады

Президент Ауылшаруашылығы министрін қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады. Бұл кездесуде биылғы жиын-терін шаруалары пысықталды. А.Мырзахметовтің айтуынша,  биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 миллион гектарға жеткен. Жиын-терін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін  өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілген.