Нұротандықтар Павлодар ауруханаларына 330 оттегі концентраторын тапсырды
Нұротандықтар Павлодар ауруханаларына 330 оттегі концентраторын тапсырды
«Жаңа Павлодар» Қоғамдық Қоры жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын көлемі 5 литр 300 оттегі концентратын сатып алды. Қорда ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінің, «Nur Otan» партиясы мүшелерінің, ҮЕҰ өкілдерінің қаражаты жинақталады. Медициналық аппараттар Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасына жеткізіліп, Павлодар облысының 16 медициналық мекемесіне таратылды.
Өз кезегінде медициналық мекемелердің өкілдері өңір кәсіпкерлеріне көрсеткен көмек үшін алғыстарын білдірді.
- Бүгін біздің аудандық аурухана «Жаңа Павлодар» қорынан 5 оттегі концентратын алды. Пандемияның барлық кезеңінде Май ауданында 73 адам пневмониямен ауырды, 53 пациент ауруханадан жазылып шықты. Кәсіпкерлерге көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысымды білдіремін, - деді Май аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Р.Хусаинова.