Пневмониядан көз жұмғандар қалай жерленетіні белгілі болды

Пневмониядан көз жұмғандар қалай жерленетіні белгілі болды

Пневмониядан көз жұмғандар қалай жерленетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Пневмониядан қайтыс болғандарды жерлеу барысында коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу ережесі қолданылады. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.  Баспасөз мәслихаты барысында «коронавирустан қаза тапқандарды жерлеу ережесі өкпе қабынуынан қайтыс болғандарға да қолданыла ма?» деген сауалға жауап берген министр: «Бұл бірдей жағдай. Сондықтан емдеу шараларымен қатар басқа да принциптер сақталатын болады», - деді. Еске сала кетсек, бұған дейін министр өткен тәулікте елімізде коронавирус пен пневмониялан 55 адам көз жұмғанын хабарлаған еді. Алексей Цойдың мәліметінше, 2 тамызда коронавирустан ПТР нәтжиесі оң болған 34 қазақстандық, сонымен қатар ПТР нәтижесі теріс болған, алайда ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас 21 науқас пневмониядан қайтыс болған. Сондай-ақ, министр жаңа статистиканың неліктен кеш жарияланғанын түсіндірді.