3 Тамыз, 13:15 641 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

Марал Ерғазина: Партия қатарында халықтан шыққан адам болуы керек (видео)

Барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісіндегі депутаттық корпусты одан ары қалыптастыруда  жаңа көшбасшыларды анықтау маңызды. Праймериз алдағы уақытта бұқаралық саясаттың дамуына жол ашпақ. Бүгінгі саяси ахуал елде болып жатқан жағдайға тікелей байланысты. Халық өзін қолдайтын мемлекеттің бар екенін сезіне бастады дейді Павлодар облысы, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ кәсіподақ комитетінің маманы Марал Ерғазина.

Мұндай пікірді ол «Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы өткізген Zoom-конференциясында сөйлеген сөзінде айтты. Марал өзі праймеризге қатысып, бағын сынап көруге әзір екендігін жеткізді. Қазір қарапайым тұрғындар халықтың қажеттілігі үшін шешім шығарып, жұмыс істейтін билік тармақтарының бар екендігіне көздері жете бастағандығын ерекше атап өтті.

«Халық арасында үкімет, партия және халық үштігінің әрқайсысы өзінше жеке әлемде өмір сүреді деген пікір қалыптасқан. Партияның атқарған жұмысы туралы айтсаң кейбіреулер «Менің ешқандай қатысым жоқ, мен оларды, олар мені білмейді» деген пікір айтады. Сондықтан дәл қазіргі уақытта бізге осы тенденциядан құтылу керек. Ол үшін партия қатарында халықтан шыққан адам болуы керек. Расында халық ол адамды білу керек, оның айтқанына құлақ түріп, ең бастысы, оның айтқанына, сену керек», – деді Марал Ерғазина онлайн конференция барысында.

Праймеризге қатысуға менің білімім де, қабілетім де жеткілікті. Сондықтан өз-өзіме сеніп, тәуекел етіп, елдің қамын ойлап, жағдайын жасап,  өз өңірімнің дамуына айтарлықтай үлес қосу мақсатында праймеризге қатысамын деп шештім дейді ол. Праймериз арқылы ұлтына, туған жеріне жаны ашитын, қолынан іс келетін азаматтарды іріктеп алуға болады деп сенеді ол.

Соңғы жаңалықтар