Жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады

ашық дереккөзі

Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады

Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады. Бұл еліміздегі індетке байланысты болып отыр, деп хабарлайды  zakon.kz. Жақсылық Үшкемпіровтің туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе, Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, марқұмның туыстары халықты жерлеу рәсіміне келуден бас тартуға шақырады. Бұл пандемияға және адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін жасалып отырғаны хабарланды. Жерлеу рәсімі тек Жақсылық Үшкемпіровтің отбасының қатысумен ғана өтеді. Қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың барлығы тек тура бір жылдан кейін өтпек.