Microsoft компаниясы TikTok-ты өз меншігіне алмақ

Microsoft компаниясы TikTok-ты өз меншігіне алмақ

Microsoft компаниясы TikTok-ты өз меншігіне алмақ
ашық дереккөзі
Microsoft компаниясы Қытайдың TikTok сервисін сатып алуға ниетті.  Қытайдың ByteDance интернет-компаниясына тиесілі TikTok мобильді қосымшасы Microsoft-тің меншігіне қыркүйектің 15-іне дейін толық өтуі тиіс. Қауіпсіздік үшін АҚШ компаниясы  бұған дейін қытайлық сервисте сақталған америкалықтардың деректерін толық жоймақ. Бүгінде TikTok – әлемде ең жиі көшірілетін қосымшалардың бірі. Жуырда АҚШ қосымшаны өз елінде бұғаттайтынын хабарлады. Өйткені ел билігі америкалықтардың жеке дерегі шетелдік серверлерге жіберіледі деп қауіптенеді. Үндістан да Қытайдың 59 мобильді қосымшасынан бас тартты. Олардың қатарында ішінде TikTok әлеуметтік желісі мен WeChat мессенджері де бар. Ресми Делидің мәлімдеуінше, бұл бағдарламалар мемлекеттің егемендігі мен тұтастығына қауіп төндіреді.