Елбасы Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Елбасы Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады Елбасы даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлады elbasy.kz сайты. Нұрсұлтан Назарбаев Ж.Үшкемпіровтің өмірдегі әрбір қадамы мен атқарған істері өзінің есіміне сай, жан-жағына тек жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашып жүретін, халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы перзенттерінің бірі болғанын атап өтт і. «Ол грек-рим күресі бойынша қазаққа алғашқы болып әлемнің ең басты атағын сыйлады. Кәсіпкерлікпен де табысты айналысып, ел экономикасының өркендеуіне лайықты үлесін қоса білді. Қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысып, кәсіпкерлік тәжірибесін өзгелермен бөлісіп, жақсы үлгі мен өнеге көрсетті. Мен онымен өткізген кездесулерімді әркез ризашылықпен еске аламын. Отандастарымыз да оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.