Жаңалықтар

Келесі жылы Головкин Альварес жекпе-жегі болады

ашық дереккөзі

Келесі жылы Головкин Альварес жекпе-жегі болады

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қамқорлығындағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен келесі жылы жекпе-жекке шығады, - деп жазды tengrinews шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасап. "Бұл жекпе-жек ертерек болуы мүмкін, алайда қазір ыңғайлы уақыт емес. Біз бұл кездесуді Пакьяо мен Мейвезер жекпе-жегі сияқты он жыл күтпейміз. Бұл жекпе-жек келесі жылдың бір уақытында өтеді", - деп жазылды BoxingScene.com промоутер сөзінен. 17 қыркүйекте Альварес WBO бірінші орта салмақтағы чемпионы, ағылшындық боксшы Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездесу жоспарлаған. Жекпе-жек Арлингтонда, Техас штатындағы 100 мың көрерменге арналған AT&T Stadium аренасында өтпек. Сонымен қатар Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен америкалық Андре Уордпен кездесуі мүмкіндігін жасырмады. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстары төрт жыл бойы айтылуда, бірақ жүзеге аспады. Былтыр Уордтың Roc Nation промоутерлік компаниясы Леффлерге жекпе-жекті 2016 жылы өткізуде ұсынған. Головкиннің промоутері келіспеген, себебі сол күні Головкин Лемьеге қарсы шығатындығы белгілі болған.