Елімізде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина адамға егілді
Елімізде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина адамға егілді
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакциналогия орталығы елімізде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцинаны адамға салып көрді.
Екпені алған алғашқы қазақстандық - орталық директоры Қайсар Табынов, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Қайсар Табыновқа COVAX-19 атты препарат егілген. Вакцина Австралияда жасалған. Қазіргі таңда клиникалық сынақтың алғашқы сатысынан өтуде.