443 мың теңге: Қазақстанда ең көп жалақыны қай сала мамандары алады
443 мың теңге: Қазақстанда ең көп жалақыны қай сала мамандары алады
Елімізде орташа айлық жалақы 212035 теңгені құрады.
ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 212035 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 113,7%, ал нақты жалақы индексі 106,5% құрды.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу–443,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде –386,8мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте –326мың теңге (1,5 есеге асты),ақпарат және байланыс саласында – 273,2мың теңге (1,3 есеге асты), көлік және жинақтау саласында– 233,6 мың теңге (1,1 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді –127,3мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40% %-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 386,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Қазақстан облысында мұның шамасы 159,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,9%-ға төмен.