Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті

ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті

Партия Айсұлу Байтыкова ұшырасқан жағдайдан тыс қалған жоқ. Бүгін Қарабалық аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Көшекбаева Қарабалық аудандық полиция бөлімі бастығының м.а., полиция майоры С.Сағидуллаев және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы, полиция капитаны Ирина Шевченкомен бірге Айсұлуға барып, хал-жағдайын білді. Қарабалық ауданының әкімдігімен бірлесіп өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша А.Байтыковаға Қарабалық орта мектебіне 2020 жылдың 10 тамызынан бастап бастауыш пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастыру ұсынылды.