Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 4 қола медаль алды

31 шілде, 2020 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 4 қола медаль алды Қазақстан құрама командасы химия пәнінен халықаралық олимпиадаға (International Chemistry Olympiad-IchO) қатысты. Covid-19 коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан өткен халықаралық жарыста қазақстандық құрама 4 қола медаль жеңіп алды. Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды. Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қатарында: Құрама команданың жаттықтырушылары – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің химиялық инженерия магистрі Ернұр Төлеп пен «Назарбаев Университетінің» магистранты Әзім Аманжоловтың жұмысының арқасында қазақстандық оқушылар химия пәнінен 52-ші халықаралық олимпиадада елімізді лайықты деңгейде көрсете білді. Жалпы Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad-IChO) – бұл дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл сайынғы халықаралық олимпиада.