Терроризмге күдікті 15 адам ұсталды
Терроризмге күдікті 15 адам ұсталды
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей елдері бірігіп өткізген «Чануб – 2016» шекаралық арнайы операция кезінде экстремизм және терроризмге күдікті 15 адам ұсталды. Бұл жөнінде Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлайды.
Арнайы операция биылғы жылдың 6-29 маусым аралығында шекара аймағында үш кезеңмен жүрген. Бұл операцияға шекара қызметкерлерінен өзге төрт елдің құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысқан.
Әлсіз делінген мемлекеттік шекараларға уақытша бекет қойылған. Мұнан бөлек, шекара бақылауы күшейтілген.
«Чануб – 2016» операциясы барысында заңсыз мигранттар, террористік және экстремистік іс-әрекеттерге қатысы барлар, іздеуде жүргендер ұсталған. Сонымен бірге қару-жарақ, жарылғыш заттар, есірткілер тәркіленген.
Қырғызстанның шекара қызметі арнайы операцияға қатысушылар өздеріне қойылған міндеттерді толығымен орындап шықты деп хабарлайды.