Ұлттық бірыңғай тестілеу тұңғыш рет онлайн өтті
Ұлттық бірыңғай тестілеу тұңғыш рет онлайн өтті
Биыл тұғыш рет 733 қандас талапкер ҰБТ онлайн тапсырды. «Отандастар қоры» жұқпалы індет салдарынан шетелден келе алмай қалған жастардың өтініші бойынша осыдан үш ай бұрын ҰБТ онлайн өткізу бастамасын көтерген болатын.
Білім және ғылым және Сыртқы істер министрліктерінің, Ұлттық тестілеу орталығының қолдауымен ҚР аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында шетелдегі қандас жастарға ҰБТ-ны онлайн өткізу туралы шешім қабылданды.
«Білім және ғылым министрлігі тарапынан талапкерлерді ұлттық біріңғай тестілеуге даярлайтын дайындық бөліміне 2018-2019 жылы – 992, 2019-2020 жылы – 1300, 2020-2021 жылға 1300 орын бөлінген.
Жыл сайынғы қандастарды қабылдауға арналған квота 2%-дан, 4%-ға өсті. 2020 жылы ҰБТ тапсыруға 2025 қандасымыздан өтініш түсті. Қандас талапкер жастардың басым бөлігі ел ішінде ҰБТ тапсырды. Елге келе алмаған қандас талапкерлердің онлайн тест тапсыруына атсалысқан барша мамандардың қызметіне ризашылығымды білдіремін», – дейді «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов.