Жаңалықтар

Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясы азық-түлік себетін таратты

ашық дереккөзі

Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясы азық-түлік себетін таратты

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясының Алматы қаласы Алмалы аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі Долкунтай Абдухалил аудандық филиалмен бірге қаладағы 300-ге жуық медқызметкер мен Алмалы ауданының 150 көмекке аса мұқтаж тұрғынының әрқайсысына салмағы 30 келіні құрайтын азық-түлік себетін ұсынып, қолдау көрсетуге шешім қабылдады.

Себетте ұн, қант, күнбағыс майы, макарон өнімдері, күріш пен қарақұмық бар. Бүкіл елдің басына қиындық түскен сын сағатта бұл көмек дәрігерлердің көңілін көтеріп, үлкен қолдау барын сезіндірді. Меценатқа азық-түлік себеті табысталған отбасылар атынан Гүлмира Сатыбалдиева алғыс білдірді. Ол сегіз баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Балалардың ең кішісі 1,5 жаста.

«Бізді ұмытпай, үнемі қолдау білдіріп, көмек көрсетіп жатқаны үшін менің «Nur Otan»партиясына айтар алғысым шексіз. Мен 50 мың теңге материалдық көмек алдым. Енді қасиетті мерекенің қарсаңында олар тағы да менің үлкен отбасыма көмектесті», – деді көпбалалы ана.

«Біз меценаттарға, Наурызбай ауданы әкімшілігіне, сондай-ақ «Nur Otan» партиясына тұрақты қолдау мен көмегі үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі күнге дейін қайырымды жандардан 13 оттегі концентраторын алдық», – деді №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Серікжан Сабырәлиев.

Гүлнәр Жұмабайқызы