Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясы азық-түлік себетін таратты

Сондай-ақ!

20 жастағы қазақстандық Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қарағанды облысының тумасы, 20 жастағы ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша Қазақстанда жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі...

100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалып кеткен кеме табылды

Зерттеушілер мен теңіз археологтарының тобы 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жұмбақ күйде жоғалып кеткен SS Cotopaxi пароходының қалдықтарын тапты. Бұл туралы Science Channel дайындаған...

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара ашқан уақытта Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан көшіп келген қандасымыз. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Көлік...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай тіліне аударылды. Аударған - Қытай Халық Республикасында тұратын қандасымыз, жазушы, аудармашы, қоғам...

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясының Алматы қаласы Алмалы аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі Долкунтай Абдухалил аудандық филиалмен бірге қаладағы 300-ге жуық медқызметкер мен Алмалы ауданының 150 көмекке аса мұқтаж тұрғынының әрқайсысына салмағы 30 келіні құрайтын азық-түлік себетін ұсынып, қолдау көрсетуге шешім қабылдады.

Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясы азық-түлік себетін таратты

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша медмекемелер мен қызметкерлерді қолдау мақсатында бірқатар шаралар өткізілуде. Мұндай игілікті істен партия мүшелері, кәсіпкерлер мен меценаттар да шет қалмады. Д.Абдухалил пандемия басталғалы бері елімізге 94 миллион теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті. Ол бұл жолы партияның аудандық филиалымен бірге қаланың 300-ге жуық медқызметкерлері мен Алмалы ауданының көмекке аса мұқтаж 150 тұрғынының әрқайсысына салмағы 30 келілік азық-түлік себетін ұсынды.

Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясы азық-түлік себетін таратты

Себетте ұн, қант, күнбағыс майы, макарон өнімдері, күріш пен қарақұмық бар. Бүкіл елдің басына қиындық түскен сын сағатта бұл көмек дәрігерлердің көңілін көтеріп, үлкен қолдау барын сезіндірді. Меценатқа азық-түлік себеті табысталған отбасылар атынан Гүлмира Сатыбалдиева алғыс білдірді. Ол сегіз баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Балалардың ең кішісі 1,5 жаста.

«Бізді ұмытпай, үнемі қолдау білдіріп, көмек көрсетіп жатқаны үшін менің «Nur Otan»партиясына айтар алғысым шексіз. Мен 50 мың теңге материалдық көмек алдым. Енді қасиетті мерекенің қарсаңында олар тағы да менің үлкен отбасыма көмектесті», – деді көпбалалы ана.

Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясы азық-түлік себетін таратты

Дәл сол күні партиялықтар қалалық №7 клиникалық ауруханада тағы да болып, оларға 3 оттегі концентраторын табыстады. Еске сала кетсек, осыған дейін «Шұғыла» қоғамдық қорының меценаттары ауруханаға 8 аса қажетті аппараттарды табыстаған болатын. Бұл жолғы бастама партия мүшесі, «Жолтранссервис-2006» компаниясының директоры Есенгелді Талбидиновтың тарапынан болған еді.

«Бүгінде біздің еліміз коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қиын шақты басынан өткізіп отыр. Әсіресе, бірінші күннен алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлерге қиын екені рас. Мен кәсіпкер, өз елімнің азаматы ретінде осындай сәтте қолұшын бермей шет қала алмадым. Біз медұйымдарға КВІ жұқтырған науқастарды құтқару үшін дәл қазір аса қажет оттегі концентраторларын алдық. Одан бөлек жақын күндері аппараттарды еліміздің шет аудандарына жіберуді жоспарлап отырмыз», – деді меценат.

Құрбан айт қарсаңында «Nur Otan» партиясы азық-түлік себетін таратты

«Біз меценаттарға, Наурызбай ауданы әкімшілігіне, сондай-ақ «Nur Otan» партиясына тұрақты қолдау мен көмегі үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі күнге дейін қайырымды жандардан 13 оттегі концентраторын алдық», – деді №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Серікжан Сабырәлиев.

Гүлнәр Жұмабайқызы

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
ер адам тіріліп кеткен

Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған ер адам тіріліп кеткен

Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Питер...
ауыр атлет

20 жастағы қазақстандық Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қарағанды облысының тумасы, 20 жастағы ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша...
Бермуд үштағаны

100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалып кеткен кеме табылды

Зерттеушілер мен теңіз археологтарының тобы 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жұмбақ күйде...
Кәсіпкер

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...