Алматыда судья пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды
Алматыда судья пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды
Алматыда Бостандық аудандық сотының судьясы Эльвира Оспанова пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды, – деп жазды ҚазАқпарат.
Әуезов аудандық соты Оспанова Эльвираға қатысты ҚР ҚК 366-бабымен азаматтық істі қарады. Сот шешімімен күдікті азаматтық іс бойынша пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Оның судьялық уәкілеттілігі 2019 жылдың 13 қарашасынан тоқтатылды.
«Жаза тағайындау кезінде ант берген азаматтарды бас бостандығынан айыру – әділ үкім деп санаймыз. Осыған байланысты Оспанованы 4 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметке тағайындалуына тыйым салынды», – деді қалалық соттың баспасөз қызметі.