Коронавирус суда қанша уақыт белсенділігін сақтайтыны анықталды
Коронавирус суда қанша уақыт белсенділігін сақтайтыны анықталды
Ресей ғалымдары коронавирустың судағы белсенділігі қанша уақытта жойылатынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.
Роспотребнадзордың "Вектор" орталығында жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, коронавирустың барлық дерлік бөлшегі (90%) бөлме температурасындағы суда 24 сағат, ал 99,9%-і 72 сағаттың ішінде өледі екен.
Мамандар хлорсыз суда және теңіз суында вирус көбеймейтінін, бірақ өміршеңдігін сақтайтынын анықтады. Коронавирус белсенділігінің жойылу уақыты су температурасына тәуелді. Қайнаған суда және хлорланған суда вирус жойылады.
Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 17 миллионнан асып жығылды. Індеттен 667 мыңнан аса адам қайтыс болды.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда қатерлі вирус 88 мыңға жуық адамнан анықталды. 57 мыңнан аса адам емделіп шықты. 793 отандасымыз көз жұмды.