ОҚО-да 219 мыңнан астам азамат зейнетақы алады

ОҚО-да 219 мыңнан астам азамат зейнетақы алады

ОҚО-да 219 мыңнан астам азамат зейнетақы алады
ашық дереккөзі

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ОҚО бойынша филиалы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті директорының орынбасары Несібелі Қаражанова мәлім етті.

Оның айтуынша, осы жылдың 8 сәуірінен бастап, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» және «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» пен «Жер кадастрі ғылыми-өндірістік орталығы» біріктіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып құрылған.

Аталған мемлкеттік корпарация «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызметтің 530 түрінен көмек көрсетеді. Оның 315 түрін электронды кілттері бар азаматтар «Үкімет порталы» арқылы алуға мүмкіндіктері бар.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай облыс бойынша қажеттілік қаражаттың сұранысына сәйкес 1 шілдеде зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдердің жалпы саны 924103 құрап отыр. Оның 219 218 зейнетақы алушылар болса, 98 722-сі мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы алатындар. Ал бала туылуына берілетін бір жолғы жәрдемақыны 7433 азамат алса, баланың бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақымен 37 949 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыны мына санаттағы азаматтар, яғни, асыраушысынан айрылғандар - 25 779, жасына байланысты – 797, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 287 387, мүгедек баланың тәрбиешісіне берілетін жәрдемақы – 17 235 болса, базалық зейнетақыны 227 301 адам алады.