Ғабит Нұрханұлы: Науқастар саны 50 пайызға азайды

Ғабит Нұрханұлы: Науқастар саны 50 пайызға азайды

Ғабит Нұрханұлы: Науқастар саны  50 пайызға азайды
ашық дереккөзі
Елімізде жарияланған қатаң карантин  шаралары оң нә­ти­же бере бастады. Десе де, қауіп әлі сейілген жоқ. Жағ­­дай тұрақ­тала бастағанымен, ел арасында «екінші тол­қын бұдан да қауіпті болады екен» деген қорқыныш ке­зіп жүр. Еліміздің әрбір аза­матын толғандыратын маңызды сұ­рақ­­тарды пан­демия бастал­ғалы бері қарусыз майданда алғы шепте жүр­­ген дәрігерлердің бірі, елор­да­дағы ин­фекциялық ауру­хананың анестезиолог-реани­матолог ма­ма­ны Ғабит Нұрха­нұ­лы­на қой­ған едік. – Соңғы аптада жағдай бір­шама тұрақталды деген жа­ғым­ды жаңалықты естіп қуанып қал­дық. Елордадағы бүгінгі жағ­дай қалай болып жатыр? – Жағдай тұрақталып келе жатқа­ны рас, қабылдау бөліміне түсіп жат­қан науқастардың саны да, жедел жәр­дем шақыртушылар да азайды.  Бұ­рын бір күнде 150-200-ге жуық нау­қас қабылдасақ, қазір 70-80-ге төмен­де­ді. Науқастар саны 50 пайызға азай­ды. Оның үстіне, бізге қазір жағдайы жеңіл және орта дәрежедегі науқастар келіп жатқан жоқ, тек ауыр дәрежедегі науқастар келіп жатыр. Өкінішке қа­рай, бізге ауруын асқындырып ба­рып келіп жатқандар көп. Ауырса да шыдап, же­дел жәрдем шақырмай, үйлерінде бір апта көлемінде жатып, ауруы өте асқынып, тіпті өлім дәрежесіне жеткен кезде ғана келіп жатқандар бар. Жеңіл және орта дәрежедегі науқастардың үй жағ­дайын­да емделуіне болады дедік, ал оларға жедел жәрдемді қай уақытта ша­қыру керегін айтпадық. Көп адам ен­тігуі жиілеген кезде де, тіпті дене қызуы 40 градустан түспей жатқан кез­де де шы­дап үйінде жата берген. Олай болмайды.  Егер науқастың дене қызуы 39-40 градус­қа жақындаса, ентігу жиі­лесе, әл­сіз­дік күшейсе тез арада жедел жәрдем шақыруы керек екенін айтқым келеді. – Құбылмалы, тез өзгеретін, бей­мәлім вирус жағдайды ба­қы­лауға алуға мүмкіндік бер­ме­ген сияқты? – Иә, вирус өте құбылмалы, оны ультракүлгін сәуле жоя алмайды. Егер бай­қасаңыздар, бұл вирус Қытайда жел­тоқсан айында өте суық кезде бас­талды. Қытай аурудың шарықтау ше­гінен өтті де, Еуропада, Италияда пан­демия көктем айында басталды. Біз суық уақыт өтті, енді ыстық уақытта вирус болмайды деп қателестік. Бірін­ші шарықтау кезеңінде еліміз бойынша шамамен 3 500 адам ауырады деп ерте болжам жасалды. Шын мәнісінде олай бол­май шықты. Бұл құбылмалы вирус күн­нің сәулесіне өте тез бейімделді де, екін­ші толқынды күтеміз деп отыр­ғанда бірінші соққыны ысыған шілде айын­да берді. Адамдар енді карантин­нен шығып, күн көзіне шыққан кезде вирус тарап кетті. Аурудың қалай жұғатынын әлі еш­кім тапқан жоқ. Жұғу жолы белгісіз бол­­ғаннан кейін сақтану жолы да бел­гі­сіз болады. Ауа арқылы жұғады деп жатырмыз, бірақ науқаспен ешқандай бай­ланыс болмаса да вирус жұқтыр­ғандар бар. «Осылай жасасаң, корона­вирус­пен ауырмайсың» деген нұс­қау­лық жоқ. Бастысы салауатты өмір сал­тын ұстану, дұрыс тамақтану, дене жат­тығулары, гимнастика. Стрестік жағ­дайлардан, қарызға ақша және не­сие алудан қашу керек. Өйткені уайым адамды жегідей жейді, ал бұл иммуни­теттің түсуіне алып келеді. – Ауырған адаммен байла­нысым болмаса да вирус жұқ­тыр­дым дейтін науқастар көп екенін айтып қалдыңыз. Жал­пы, симптомсыз науқас қанша уақытта симптомды науқасқа ай­налады? – Теориялық тұрғыдан екеуі де бір науқас. Симптомсыз дегеніміз вирус бар, бірақ ол адамның жасушасының сыр­тында, яғни оның клиникалық бел­гісі жоқ. Бірақ вирусқа сәл мүм­кін­дік берсе, 1 минуттың ішінде симп­том­ды науқасқа айналып шыға келеді. Адам салқын су ішсе, балмұздақ жесе, кон­диционер алдында тұрып қалса, яғ­ни суық тигізіп алса, симптомсыз түр­ден симптомды түрге ауысуы ғажап емес. – Коронавируспен ауырып жазылса да әлсіздік, тершеңдік ба­сатын науқастар бар. Бұл қа­лыпты жағдай ма? – Ауырып шыққандар енді жазы­лып жатыр, алда олардың жағдайы қан­дай болатынын әлі ешкім білмейді. Қа­зіргі кезде вируспен ауырған нау­қастар арасында инфаркт, инсульт, тром­бинемия сынды асқыну жағдай­лары көп кездесіп жатыр. – Коронавируспен екінші рет ауыр­ған науқастар бар ма? – Ресми тіркелген жағдай жоқ, бі­рақ халық арасында бейресми мәлімет көп кездеседі. Қайталап ауырған әріп­тес­терім бар. – Ал ауруынан айыққандар оңалту кезін­де қалай күтінуі ке­рек? – Жансақтау бөлімінде жатқан нау­қастар шипажайға жіберіледі деп ай­тылды. Бірақ ауруынан айыққандар бы­лай күтінсін деген нақты нұсқаулық жоқ. Қалай болғанда да күтінуге тура ке­леді. – Үй жағдайында өкпені от­те­гімен қанықтырып жат­тығу­лар жасау  барлық науқасқа бірдей пайдалы ма? – Жасы 70-тен асқан, қан қысымы бар, коронавируспен ауыр дәрежеде ауыр­ған науқастар жаттығу жасай ал­майды. Өйткені олар ентігіп қалады. Тек жеңіл және орта дәрежеде ауыр­ған­дар жасаса болады. Жаттығу деген ол ем емес, тек қосымша сауықтыруға ба­ғытталған. – Ел арасында күзде балалар көп ауырады деген сөз желдей есіп жүр. Бұлай алаңдауға негіз бар ма? – Бұл вируспен нақты кім ауыра­тынын ешкім болжап білмейді, ешбір ере­жеге сай келмей жатыр. Қыста ауы­рамыз деп еді, ауырған жоқпыз. Жазда ауырмаймыз дегенде ауырып қалдық. Ал күзде балалар ауырады дегенге кел­сек, балалар басқа мезгілге қарағанда күзде, қыста тұмауратып, ішек инфек­циясы ауруымен көп ауырады, соған байланысты айтылған болса керек. – Өкпесі зақымданған нау­қастардың бәрі бірдей ком­пью­терлік томография жасатқаны дұрыс па? – Вирус өкпені өте ұсақ зақымдай­тын болғандықтан, басым дәрежелерде рент­генде көрінбейді, оны тек ком­пью­терлік томография ғана анық­тай­ды. Сондықтан өз денсаулығына бей­жай қарамайтын азаматтар кешенді ем алу үшін компьютерлік томография жасатқаны дұрыс. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан  Арайлым  ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ