42 500 теңге: 2 млн адамға төлем тағайындалды

42 500 теңге: 2 млн адамға төлем тағайындалды

42 500 теңге: 2 млн адамға төлем тағайындалды
ашық дереккөзі
29 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 283 мың өтінімнің ішінде:
  • 831,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 567,6 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 301,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 583,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
  • 831,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
  • 179 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 1 млн 273,3 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.