Жаңалықтар

«Jas Otan» жастары Көкшетаудағы дәрігерлерге алғыс айтты

ашық дереккөзі

«Jas Otan» жастары Көкшетаудағы дәрігерлерге алғыс айтты

Көкшетауда «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы жалғасуда. Бұл шараға мұрындық болған – Ақмола облысының «Jas Otan» жастар қанаты. «Қазіргі уақытта ауруханаларды аралап жүріп, дәрігерлерге дәрумендерге толы дорбаларды табыстаудамыз. Бұл акцияны тағы бірнеше күн жалғастырамыз деген ниетіміз бар: күн үш аурухананы қамтимыз», – деп атап өтті «Jas Otan» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының жетекшісі Сұлтанбек Бекешев.