Халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Дуамбеков өмірден өтті

Халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде марқұмның жары хабарлады.

Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков 1961 жылы 5 мамырда Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген.  Қазақ политехника институтының Қаратау филиалын, қазіргі Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің аспирантурасын бітірген.

100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы. Техника ғылымының докторы, профессор.  Оның «Қазақстан экологиясы», «Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі», «Экологиялық менеджмент», т.б. кітаптары жарық көрген.

1990-1996 жылдары – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, деканы.

1996-1998 жылдары – Тараз университеті инженерлік-техникалық мамандықтарының Қаратау оқу-ғылыми методикалық кешені директорының орынбасары, «Кәсіпорындарды тарату және қайта құру агенттігі» АҚ Жамбыл филиалы директорының орынбасары.

1998-2000 жылдары – Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы.

2000-2001 жылдары – Тараз мемлекетік университеті жанындағы экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

2001-2003 жылдары – ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» ЖАҚ Техникалық департаменті директорының орынбасары.

2003-2004 жылдары – Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола филиалының директоры.

2004-2005 жылдары – «Жасыл ғаламшар үшін» экологиялық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2007-2011 жылдары «Экологиялық таза тағам» журналының бас редакторы.

2011-2012 жылдары «Қарабура әулие мәдени орталығы» қоғамдық қорының президенті.

2012 жылдан бастап «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті.

Back to top button